ВАКАНСИЯ » сш. Бериккара
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Берікқара атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 5-16-40
Есепші бөлімі:
+7(7263) 5-16-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2024

ВАКАНСИЯ

ВАКАНСИЯ!!!
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімі Берікқара орта мектебі» КММ КОНКУРС жариялайды:
 Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568, ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022ж. № 513, 15.08.2023ж. №259 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" сайтына, Берікқара орта мектебінің сайтына (http://aimantobe-berikkara.mektep.kz/), Берікқара орта мектебінің фейсбук (Берікқара Мектебі) әлеуметтік желілеріне   жарияланды.
Конкурс төмендегідей уақытша бос орынға жүргізіледі:
Көркем еңбек (қыздар) (уақытша бос орын), 0,5 бірлік
Көркем еңбек (ұлдар) (уақытша бос орын), 0,5 бірлік
Мекен жайы: Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Аймантөбе ауылы, М. Алашбаев көшесі-32.
2024 жылдың 16 қыркүйектен  24 қыркүйек аралығында мектептің қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Лауазымдық міндеттері: 
- Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының бектілген талаптарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады,
- білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді,
- Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады,
- Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды,
- Электронды журналдарды толтырады,
- Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді,
- Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді,
- Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
- Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді,
- Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады,
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды,
- Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді,
- Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
- Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды,
- Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді,
- Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады,
- Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас  емқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психологияны, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды. 
Біліктілікке қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығына сәйкес. Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болуы тиіс. Жұмыс өтілі талап етілмейді.
Конкурс өткізілетін орын:
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімі Берікқара орта мектебі» КММ 
Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Аймантөбе ауылы, М. Алашбаев көшесі-32. 
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімі Берікқара орта мектебі» КММ ғимараты. 
Анықтама үшін байланыс телефоны: 5-16-40, 87076221203, 8 7715910611. 
Қоңыраулар мен өтініштерді қабылдау уақыты: 9:00-18:00. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру
жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде (16.09-24.09.2024ж.) жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 
8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады. 
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив