Өзін-өзі бағалау 2020-2023 оқу жылдары
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің Берікқара орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалау
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Аймантөбе ауылы «31» шілде 2023 жыл
1. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы:
1) Білім беру ұйымының аталуы, орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан мекен-жайы):
2) Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электронды пошта, web-сайт):
Байланыс тел:8 726 37 5-16-40,
электронды пошта: bayzak.berikkara@yandex.kz
web – сайт: (http://aimantobe-berikkara.mektep.kz/
3) Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының ФАӘ және лауазымға тағайындау бұйрығы туралы деректер):
(Көшірме: 1-папкада тіркелді).
4) Құқық беруші және құрылтайшы құжаттар:
__«Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Берікқара орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы Байзақ ауданы әкімдігінің 20.03.2018 жылғы № 86 қаулысымен бекітіліп, ҚР Жамбыл облысының әділет департаменті Байзақ аудандық әділет басқармасы 03.02.2021 жылы қайта тіркеліп, БСН 991240003932 нөмірі берілді. Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 9 қаулысының 14-қосымшасына сәйкес «Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Берікқара орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына өзгеріс енгізіліп, тақырып мынадай редакцияда жазылды: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Берікқара орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. ҚР Жамбыл облысы әділет департаменті Жамбыл ауданаралық әділет басқармасында 03.02.2021 жылы қайта тіркеуден өтіп, БСН 991240003932 нөмірі берілді
(Көшірме: 1.1 -папкада тіркелді).
5) Рұқсат етуші құжаттар:
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Берікқара орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі БИН 991240003932, 2021 жылғы 15 ақпан күні «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінде тіркелген. Жалпы білім беру саласындағы білім беру қызметін жүргізуге құқығына берілген №KZ28LAA00023656 нөмірлі мемлекеттік лицензиясын 2021 жылғы 15 ақпанда мерзімі шектеусіз «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 15 ақпандағы №210 бұйрығымен берілген.
Білім беру қызметімен айналысуға берілген лицензия және қосымшасының көшірмесі қоса берілді [білім беру қызметімен айналысуға берілген лицензия және қосымшасының электронды нұсқасы 1.2 папкада].
2. Кадрлық құрамға талдау:
№ | Педагогикалық білімі | Оқу жылдары | ||
2020-2021 | 2021-2022 | 2022-2023 | ||
1 | жоғары білімді | 38 (97,4%) | 38 (95%) | 40 (95%) |
2 | арнаулы орта білімді | 1 (2,5%) | 2 (5%) | 2 (5%) |
3 | жоғары оқу орнынан кейінгі | |||
4 | базалық білімі жоқ | |||
5 | Педагогтер саны | 39 | 40 | 40 |
6 | Жоғары білімді педагогтер үлесі | 39 (97,4%) | 38 (95%) | 38 (95%) |
Үш оқу жылында да жоғары білімді педагогтардың үлесі 95%-ды, арнаулы орта білімді педагогтар үлесі 5 %-ды тұрақты көрсетуде.
№ | Санаты | Оқу жылдары | ||
2020-2021 | 2021-2022 | 2022-2023 | ||
1 | педагог-шебер | |||
педагог-зерттеуші | 12 (30,76%) | 12 (30%) | 13 (32,5%) | |
жоғары | ||||
2 | педагог-сарапшы | 12 (30,76%) | 12 (30%) | 12 (30%) |
І санат | ||||
3 | педагог-модератор | 7 (18%) | 8 (20%) | 8(20%) |
ІІ санат | ||||
4 | санаты жоқ | 8 (14,4%) | 8 (20%) | 7 (17,5%) |
5 | Педагогтер саны | 39 | 40 | 40 |
Педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, жоғары, бірінші біліктілік санатты мұғалімдердің үлесі | 24 (61,5%) | 24 (60%) | 25 (62,5%) | |
2020-2021 оқу жылы
Бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтардың саны – 10, оның ішінде педагог-зерттеуші - 6, педагог-сарапшы саны – 3 біліктілік санатты педагогтар (9), пайыздық үлесі – 90 %
Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтардың саны – 23, педагог-шебер - 0, педагог-зерттеуші - 6, педагог-сарапшы - 10 біліктілік санатты педагогтар (15), пайыздық үлесі – 69,5 %.
2021-2022 оқу жылы
Бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтардың саны – 10, оның ішінде педагог-шебер – 0, педагог-зерттеуші - 6, педагог-сарапшы саны – 3, біліктілік санатты педагогтар (9), пайыздық үлесі – 90 %.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтардың саны – 24, педагог-шебер - 0, педагог-зерттеуші – 6, педагог-сарапшы - 9 біліктілік санатты педагогтар (16), пайыздық үлесі – 67%.
2022-2023 оқу жылы
Бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтардың саны – 10, оның ішінде педагог-шебер – 0, педагог-зерттеуші - 6, педагог-сарапшы саны – 3, педагог-модератор - 1 біліктілік санатты педагогтар (9), пайыздық үлесі – 90%.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтардың саны – 24, педагог-шебер - 0, педагог-зерттеуші – 7, педагог-сарапшы – 9, біліктілік санатты педагогтар (15), пайыздық үлесі – 67%.
2022-2023 оқу жылында мұғалімдердің сапалық құрамының үш жылдық мониторингінің нәтижесінде жоғары, бірінші педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы біліктілік санаты бар педагогтердің үлесі талдау кезеңінде 2.5-ке артқан. Сапалық құрамның көрсеткіштерінің көтерілуіне әсер еткен басты факторлардың бірі - педагогикалық ұжым құрамының жаңаруы және педагогтерді аттестаттау қағидаларына енгізілген оң өзгерістермен байланыстыруға болады.2) қосымша жұмыс жағдайында жұмыс істейтін педагогтер және олардың оқу жүктемелері туралы мәліметтер:
2020-2021 оқу жылында қосымша жұмыс жағдайында жұмыс істейтін педагогтар болған жоқ.
2021-2022 оқу жылында қосымша жұмыс жағдайында жұмыс істейтін педагогтар
№ | Аты-жөні | білімі | мамандығы | біліктілік санаты | Жүкте месі |
1 | А.Берметова | жоғары | Бастауыш сынып мұғалімі | Педагог-зерттеуші | 8 |
2 | Ш.Нахысбек | жоғары | Тарих пәнінің мұғалімі | Санаты жоқ | 8 |
Мектептің педагог кадрларының апталық жүктемелерінің толық болуына байланысты №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Берметова, Қостөбе орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ш.Нахысбек мектепке жұмысқа уақытша қабылданды.
2022-2023 оқу жылы жылында қосымша жұмыс жағдайында жұмыс істейтін педагогтар:
№ | Аты-жөні | білімі | мамандығы | біліктілік санаты | Жүкте месі |
1 | А.Берметова | жоғары | Бастауыш сынып мұғалімі | Педагог-зерттеуші | 8 |
2 | Ш.Нахысбек | жоғары | Тарих пәнінің мұғалімі | Санаты жоқ | 8 |
3 | П.Джексенбаева | жоғары | Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі | Санаты жоқ | 5 |
Мектептің педагог кадрларының апталық жүктемелерінің толық болуына байланысты №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Берметова, Қостөбе орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ш.Нахысбек мектепке жұмысқа қабылданды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің сабақтарының апталық жүктемелерінің толық болуына байланысты П.Джексенбаева қабылданды.
3) мемлекеттік білім беру ұйымы басшыларының үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігі туралы мәліметтер:
2020-2021 оқу жылы
Жамбыл облысы білім басқармасының 30.12.2020 жылғы «Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларын аттестаттау туралы» №400-Ө бұйрығымен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Асқарбаева Г.Қ «І санатты басшының орынбасары», директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Қ.Қасымов «II санатты басшының орынбасары» ретінде аттестаттаудан өткен.
Жамбыл облысы білім басқармасының 08.06.2021 жылғы «Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларын аттестаттау туралы» №301-Ө бұйрығымен мектеп директорының бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Болатова С.Б «ІI санатты басшының орынбасары», Жамбыл облысы білім басқармасының 24.12.2021 жылғы «Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларын аттестаттау туралы» № 670-Ө бұйрығымен мектеп директоры Тулеев Е.Н «екінші санатты басшы»ретінде аттестаттаудан өткен.
2022-2023 оқу жылыЖамбыл облысы білім басқармасының 28.04.2023 жылғы «Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларын аттестаттау туралы» №- 247/2 бұйрығымен директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары А.Қ. Шайжанова «ІІI санатты басшының орынбасары» ретінде аттестаттаудан өтті.
Жамбыл облысы білім басқармасының 24.04.2023 жылғы «Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларын аттестаттау туралы» №247/2 бұйрығымен директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Калиева «ІІI санатты басшының орынбасары» ретінде аттестаттаудан өткен.
4) кемінде бес жылда бір рет педагогтердің біліктілік санатының деңгейін арттыру/растау туралы мәліметтер:
2020-2021 оқу жылы
Оқу жылдары | Жалпы мұғалімдер саны | Жоғары санатты | 1-санатты | 2-санат | Педагог зерттеуші | Педагог-сарапашы | Педагог-модератор | санатсыз |
2020-2021 | 39 | 2 | 12 – 30% | 12– 30% | 7 | 6 | ||
Жалпы | 39 | 61,5% | ||||||
2020-2021 оқу жылында Педагог-зерттеуші – 12 мұғалім, педагог-сарапшы 12 мұғалім, педагог-модератор 7 мұғалім, 1-санатты -2 мұғалім, санаты жоқ – 6 мұғалім. Бұл мұғалімдердің үлесінің 61,5 % құрап отыр.
Біліктілік санатын көтеру жоспары бойынша 3 жылды салыстыратын болсақ, әр жыл сайын педагогтарымыз Ұлттық біліктілік тестілеуге барып, біліктілік санаттарын көтеріп отырды. Жоғарыдағы кестеге сай педагогтарымыз біліктілік санаттарын бекітіп, растап отырады. Бүгінгі таңда бұл мұғалімдердің үлесінің 61,5 % құрап отыр. 2020-2021 оқу жылында біліктілік санатын көтеруге 4 педагог сұраныс беріп, тестілеуден 4 мұғалім өтті. Атап айтсақ, педагог - зерттеуші біліктілік санатын бекітуге – 1мұғалім, педагог – сарапшы біліктілік санатын бекітуге –1 мұғалім, педагог – модератор біліктілік санатын бекітуге -2 мұғалім.
2021-2022 оқу жылы
Оқу жылдары | Жалпы мұғалімдер саны | Жоғары санат | 1-санат | 2-санат | Педагог зерттеуші | Педагог-сарапашы | Педагог-модератор | санатсыз |
2021-2022 | 40 | 13 – 32,5 | 12 – 30 % | 7 | 8 | |||
Жалпы | 40 | 62,5% | ||||||
2021-2022 оқу жылының 1 жартыжылдығында 13 педагог -зерттеуші, 12 педагог-сарапшы, 7 педагог-модератор, 8 санатсыз мұғалім бар. Жалпы пайызы – 62,5 % 2022 жылдың екінші жартыжылдығында біліктілік тестілеуден өтуге 4 мұғалім өтініш беріп отыр. Педагог-зерттеушіге 1,педагог-сарапшыға -1, педагог-модераторға 2 мұғалім өтініш беріп, олардың тек екеуі ғана тестке тіркеліп , тестілеуден өтті. Екінші кезеңге құжаттарын білім бөліміне тапсырып қойды. Жалпы педагогтардың үлесі 62,5% құрайды.
2022-2023 оқу жылы
Оқу жылдары | Жалпы мұғалімдер саны | Жоғары санатты | 1-санат | 2-санат | Педагог зерттеуші | Педагог-сарапашы | Педагог-модератор | санатсыз |
2022-2023 | 40 | 13-32,5% | 12 – 30% | 9 | 6 | |||
Жалпы | 40 | 62,5% | ||||||
2022-2023 оқу жылында 13 педагог -зерттеуші, 12 педагог-сарапшы, 9 педагог-модератор, 6 санатсыз мұғалім бар. Жалпы пайызы – 62,5 % 2022 жылдың екінші жартыжылдығында біліктілік тестілеуден өтуге 3 мұғалім өтініш беріп отыр. Педагог-зерттеушіге 1 мұғалім, Касымов Талмат қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 2018ж жоғарғы санаттан -педагог зерттеушіге өткен. Қазіргі таңда біліктілік санатын растауға өтініш беріп, тестілеуден өтті. Педагог-зерттеуші санатын растады. Педагог-модераторға 2 мұғалім, ұзартылған күн тобының тәрбиешісі Таубалдиева М., мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Абдиходжаева Раушан кезекті біліктілік санатын көтеруге өтініш беріп, тестілеуден өтті. Екінші кезеңге құжаттарын білім бөліміне тапсырып қойды. Жалпы педагогтардың үлесі 62,5% құрайды.
5) 2020-2021 оқу жылы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен конкурстар мен жарыстардың соңғы бес жылдағы аудандық және/немесе облыстық кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (бар болған жағдайда) туралы мәліметтер:
Аудандық байқаулар бойынша:
2020-2021 оқу жылында аудандық «Үздік педагог» байқауынан бастауыш сынып мұғалімі Казимова Ш.Б. III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізген «Үздік ашық сабақ» байқауының жеңімпазы атанып, ІІІ дәрежелі дипломмен Бейсеитова Ф.Е. марапатталды.
Аудандық «Үздік пән мұғалімдері» байқауына қатысып «Үздік география пәні мұғалімі» 2-дәрежелі дипломмен Теміртаева Г.Б марапатталды, «Үздік ағылшын пәні мұғалімі» 3-дәрежелі дипломмен Наршабекова Н.Ш марапатталды.
Аудандық «Ең үздік авторлық бағдарламалар» байқауы бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Бейсеитова Ф.Е 2 орынды, Наршабекова Н.Ш 3-орынды иеленді, математика пәнінің мұғалімі Асқарбаева Т.Е 1 дәрежелі диплом, география пәнінің мұғалімі Теміртаева Г.Б 1 дәрежелі диплом, Казимова Ш.Б. 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аудандық «Педагогикалық инновациялар» байқауына қатысып бастауыш сынып мұғалімі Болаткалиева Н.А 2-орынды, математика пәнінің мұғалімі Асқарбаева Т.Е 2-орынды иеленді.
Аудандық «Менің педагогикалық инициативам» тақырыбындағы байқауға тарих пәні мұғалімі Бердімбетова А.М 3-орынды, география пәні мұғалімі Теміртаева Г.Б 2-орынды иеленді.
Аудандық «Сабақтың үздік контенті» байқауына математика пәнінің мұғалімі Медеуова Б.А II дәрежелі диплом, бастауыш сынып мұғалімдері Усипбекова Т.М. I дәрежелі диплом, Казимова Ш.Б. I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аудандық «Үздік ашық сабақ» байқауының жеңімпазы Асқарбаева Г.Қ II дәреежелі диплом, Бейсеитова Ф.Е. II дәрежелі дипломмен марапатталды..
Аудандық «Озық кәсіби бағдар жұмыс моделі» атты байқауына директордың бағдарлы оқу жүніндегі орынбасары Болатова С.Б қатысып Алғыс хатпен марапатталды.
Облыстық байқаулар бойынша:
Педагогикалық шеберлік орталығының қолдауымен «Сабақты зерттеу-мектеп тәжірибесінде» тақырыбында әдістемелік құрал жазып шығарды.
Облыстық USTUDY компьютерлік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдері» атты республикалық байқауда 2-дәрежелі дипломмен Бейсеитова Ф.Е. марапатталды
Облыстық «Ең үздік авторлық бағдарламалар» байқауы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Казимова Ш.Б. I дәрежелі диплом. Асқарбаева Т.Е 2 дәрежелі диплом, география пәнінің мұғалімі Теміртаева Г.Б 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Облыстық Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Жылдың үздік коучі» байқауына қатысып Асқарбаева Г.Қ 3-орынды иеленді.