мектеп тарихы » сш. Бериккара
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Берікқара атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 5-16-40
Есепші бөлімі:
+7(7263) 5-16-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2018

мектеп тарихы

Мектеп тарихы
 
 

 



      Берікқара орта мектебі 1993 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған. Мектеп- болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, жарасымды азаматы етіп қалыптастыру -мектеп ұжымының мақсаты, шын жүректі тілегі.
       Қазіргі таңда мектепті білгір де білікті басшы Тулеев Ералы Нахысбекұлы басқарып келеді. Мектептің ұстаздары аудан, облыс, Республика көлемінде танымал мұғалімдер. Мектеп педагогикалық кадрлары жетістіктері қуантарлық. Атап айтқанда: Екі жыл қатарынан аудан көлемінде ҰБТ қорытындысы бойынша-ІІ орын. "Үздік педагог-2015" Абдыхалықова Назгул Ғалымқызы- 1 орын; "Үздік педагог-2016" Сатенова Балғын Нұрланқызы-2 орын; Облыстық "Ғылыми әдістемелік жұмыстың үздік үлгісі-2014" Аскарбаева Гүлжаркин Куандыковна бас жүлде; Облыстық "Үздік авторлық бағдарлама-2015" байқауында физика пәнінен сугурова Эльмира-3 орын; Облыстық "Үздік авторлық бағдарлама-2015" байқауында тарих пәнінен Сатенова Балғын -3 орын.
            "Ұстаздық-ұлы қызмет" деп жазушы Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай мектептің ұстаздары үлкен жауапкершілік сезімімен оқушыға тиянақты білім беріп қана қоймай, таусылмас қажы қайрат жұмсай отырып, өсіп келе жатқан ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, Отан деген сүйіспеншілікке, жоғары өнегелі қасиеттерге баулып, білім берудегі жаңа міндеттерді шығармашылықпен іске асырып келеді. Осындай нәтижелі еңбектің арқасында мектептің оқушылары түрлі дәрежедегі олимпиадаларда жеңіске жетіп, мектептің абыройын асқақтатып жүр. Әртүрлі сайыстар мен жарыстардың жеңімпаздары Есенова Мөлдір, Қошанова Феруза, Қошанова Сабина, Нұрханова Ақсезім, Сатымқұл Саян, Бектұрсынов Бексұлтан.
          Мектеп ұжымының нәтижелі еңбегі шәкірттерінің республиканың жоғары оқу орындарының грант иегерлері атанулары осыған дәлел болуда. Инновациялық технологияларды меңгеру бойынша мектебімізде жоғары және І санатты мұғалімдер 69 пайызды құрайды. АКТ-мен жұмыс істейтін мұғалімдер 62 пайыз, ал Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша 2016 ж аяғына дейін 13-ке жуық мұғалім деңгейлік курстан өтті. мектепте "Парасат" атты кәсіби қоғамдастық жұмыс істеуде

Похожие публикации:

14 сентябрь 2017 мектеп ұжымы
22 апрель 2017 Мекен-жайымыз
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив